1. Discover Lexus
  2. Pioneering Spirits
Байланысу

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу өнері

Кейбір көркем пішіндердің бірегейлігі соншалық, жүздеген жылдар бойы жәй сақталып қана қоймай, жетіледі.

Эдо-Кирико әйнекті үлкен шеберлікпен кесу— соның жарқын мысалы: 200 жылдық тарихы бар бұл қолөнер шеберлері бай әрі құнды дәстүрлерді зор мақтанышпен жалғастыруда. Сонымен қатар олар заманауи жасаушылар сияқты суреттеуде сақтық танытады: олар оны шектемес үшін өз өнерін тікелей дәстүрлі деп атамайды.

«Дәстүр – алуан түрлі мәнге ие құдіретті сөз», – деп түсіндіреді үшінші буындағы Эдо-Кирико шебері Йоширо Кобаяши. "Бұл әлдекімді мәжбүрлейтін іс немесе адамға салынатын ауыртпалық емес, [бірақ], бұл адамның күнделікті әрекетінде пайда болатын және дәстүрді қайталау арқылы табиғи жолмен жасалатын әлдене деп ойлаймын... бәрін біріктіріп бір жерге жинайтын әлдене".

Эдо-Кирико өнерінде дәлдікпен қайталау негізгі рөл ойнайды: әр жаңа бастаған қолөнершінің үйренуі мен тәжірибе жинауына бірнеше жыл қажет. Өзінің көптеген әріптестері секілді, Кобаяши да жасөспірім кезінен, 13 жасында әкесіне шеберханада көмектесе жүріп, осы өнердің қыр-сырын үйренуді бастады.

«[Ол кезде] мен үлкен шеберлердің ізінен қалмай, бақылай жүріп, үйрендім... күніне 10 сағаттан машықтандым", – деді ол. "Бұл расымен де қажытатын жұмыс еді".

Ол өз білімін жетілдіру үшін талмай еңбектенді және тек 33 жылдан кейін әріптестерінің құрметіне ие болып, сіңірген еңбегі үшін марапатталғанда ғана өзін нағыз шебер сезінген. Мұндай шәкірттік қай жағынан да талапшыл болды, бірақ Токионың маңайында Эдо кезеңінің аяғында пайда болған осы әйнек кесу түрін үйрену үшін жылдар керек: Эдо-Кирико кесу түрі өте әшекейлі және жапон мәдениетінің бөлшектерге ерекше мән беретіндігін көрсететін белгілі бір перфекционизмді қажет етеді.

«ЖАПОНИЯЛЫҚТАР СӘЛ ҒАНА ӨЗГЕШЕЛІКТІ АҢҒАРАДЫ», – ДЕЙДІ КОБАЯШИ. "ОЛАР РАСЫМЕН ДЕ ӘР БӨЛШЕККЕ МӘН БЕРЕДІ... ШАМАМЕН ТҮПКІ САНА ДЕҢГЕЙІНДЕ. СЕН ТІПТІ МҰНЫҢ ҚАЛАЙ ӨМІР САЛТЫНА АЙНАЛҒАНЫН БАЙҚАМАЙ ДА ҚАЛАСЫҢ

Йоширо Кобаяши, Эдо-Кирико шебері

Кобаяши үшін дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін жұмысының ауырлығы өте маңызды: терең қанағаттану сезімі мен шеберліктен алатын ләззат өте маңызды орын алады.

«Мен мұндай философияның шебердің жұмысына ерекше әсер ететінін білемін", – дейді ол». "Сәл ғана ерекшелік үлкен мәнге ие болады. Сол себепті де, қандай да бір нәрсені жасағанда олар өте мұқият болады. Бұл шебер өз туындысынан алатын жеке қанағаттанушылық.

Кобаяши Эдо-Кирико шеберлігіне аса құштар әрі көптеген жылдар бойы өз ісінен үлкен рахатқа бөленсе де, ол баласының оның жолын қуғанын талап еткен жоқ, керісінше оның өзге де мансаптық мүмкіндіктерді қарастыруына шабыт берді.

Алайда отбасылық тарих үнінің күшті болғаны соншалық, оның ұлы Йохей жұмыстың құрауыштарына заманауи көзқараспен қарап, алдыңғы буын жоғары бағалаған және жетілдірген туындыларды жасауды жалғастыру үшін отбасылық кәсіпке қосылды.

«Өзіңе ұнайтын іспен айналысып, сол арқылы табыс табу – бұл керемет», – дейді Кобаяши. "Мен осы жұмысты таңдағаным үшін қуаныштымын".

ШЕБЕРЛІК БУЫНДАРЫ

Эдо-Кирико әйнек кесу өнерінің шеберлері Lexus LS-тің жолаушылар үшін өте нәзік әрі әсерлі жағдай жасайтын талғампаз ішкі панелін дайындады.