1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Pioneering Spirits
Байланысу

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Көне дәстүр негізіндегі кесудің жаңа көркем үлгісі

Адам баласы ежелден ағашты өңдеп, өзінің қарапайымдылығымен тартатын туындылар жасаған; алайда жапон халқының Йосеги өрнекті өнері – бұл ережеден есте қаларлық ауытқу.

Бұл 400 жылдан астам тарихы бар және жапондық маркетри деп те аталатын нәзік, көп еңбекті талап ететін декоративті ағаш өңдеу үлгісі, ол түрлі түсті және түрлі пішінді ағаш бөліктерінің күрделі нақышты өрнектерге асқан дәлдікпен дестеленуін талап етеді.

Мұндай айрықша күрделі процесс үлкен ептілік пен тәжірибені қажет етеді, мүмкін, өнердің бұл бірегей түрі соңғы жүз жылда танымалдығын сол себепті де біршама жоғалтқан болар.

Десе де ежелгі Йосеги өнерін сақтап қана қоймай, оған заманауи өзіндік келбет беріп, көркемдігін бүкіл әлемге паш етуге ниетті бір адам бар.

Кен Ота ағашты Йосеги техникасы бойынша өңдеу бойынша заманауи шебер ретінде кеңінен танымал: ол – жүздеген жылдар бойы жетіліп келе жатқан дәстүрлі техниканы құрметтеуге тырысады әрі инновациялық пішіндерді де қабылдайды.

«Мен дәстүрді жалғастыруды және сақтауды қалаймын, – деп түсіндіреді Кен Ота: ол Йосегидің отаны – Хаконе қаласындағы ательеде жұмыс істейді. «Ол үшін мен өзгеруге және жаңашыл болуға тиіспін. Мұнда мәселе еліктеу не саған біреудің еліктеуінде емес, өзіңе тән бірегейлікті көрсетуде».

«МЕН ДӘСТҮРДІ ЖАЛҒАСТЫРУДЫ ЖӘНЕ САҚТАУДЫ ҚАЛАЙМЫН, – ДЕП ТҮСІНДІРЕДІ КЕН ОТА: ОЛ ЙОСЕГИДІҢ ОТАНЫ – ХАКОНЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АТЕЛЬЕДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.«ОЛ ҮШІН МЕН ӨЗГЕРУГЕ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛ БОЛУҒА ТИІСПІН. МҰНДА МӘСЕЛЕ ЕЛІКТЕУДЕ НЕ САҒАН БІРЕУДІҢ ЕЛІКТЕУІНДЕ ЕМЕС, ӨЗІҢЕ ТӘН БІРЕГЕЙЛІКТІ КӨРСЕТУДЕ».

Кен Ота, Йосеги шебері

Йосеги туындыларының бірегей әрі күрделі болатындығы соншалық, оларды аса үлкен көлемде шығару мүмкін емес, ал қол еңбегінің әр заты үшін бөлек таңдалатын ағаш қолтаңба іспетті – шебердің стилі мен талғамын көрсетеді.

Кен Ота көптеген жылдар бойы өз шеберлігін шыңдады: алдымен Сайтама қаласындағы политехникалық мектепте, кейін Одавар қаласындағы әйгілі Киро Ательесінде; ол өз туындыларын ағаштың 25 түрінен жасайды, ал материалды өзі Хоккайдодан Окинаваға дейін – бүкіл Жапониядан сұрыптап алады.

Ол үшін заттар (қораптар, табақтар және зат қойғыштар) жасауда кеңінен қолданылатын ағаш – жәй негізгі материалдан артық және ол расымен де әр туындыны құрметтейді және бағалайды.

«Мен орманнан отап алған ағаштың қиылған жанын сыйлауды қалаймын», — дейді ол. «Бұл өзге заттарға да қатысты, бірақ мен алған дүнием үшін алғыс білдіргім келеді. Ағаштың әр түрі пішіні мен үйлесімі жағынан өзінше бірегей, еркіндік пен айқындық береді, бұл нәтижесінде оны тартымды етеді».

Йосеги өнеріне тән ерекшеліктің бірі – өте көп уақыт пен шебердің сабырлы болуын талап етуінде, ол біз өмір сүріп жатқан цифрлық әлемнің даму жылдамдығына сәйкес келмейді. Бірақ Кен Ота шебердің оның өнері қажет ететін баяу ағымға көңілі толады: суретші оны өз туындыларының тереңдігін ашу үшін берілетін мүмкіндік ретінде қабылдайды.

«Уақыт маңызды емес», — дейді ол. «Мен тек ішкі дүниемді бейнелей аламын».

КӨНЕ ДӘСТҮР НЕГІЗІНДЕГІ КЕСУДІҢ ЖАҢА КӨРКЕМ ҮЛГІСІ

Lexus инновациялар мен асқан шеберлікке құштар. Табиғи ағашты таңдаулы жаңа өрнектерге айналдырудың ерекше техникасына лайықты баға бере отырып, Lexus өзінің дәстүр мен технологияларды биязы біріктіруге деген бейілділігін бекіте түседі.