contract

АРНАЙЫ ҰСЫНЫСТАР

СЕРВИСТІК КЕЛІСІМШАРТ

Сервистік келісімшарт

Lexus Kazakhstan Сізге жаңа қызмет – Сервистік келісімшартты қуана таныстырады!

Сервистік келісімшарт – бұл Сіздің қызметтер пакетін тиімді бағада алуыңызға мүмкіндік беретін Lexus автокөліктерінің иелеріне арналған арнайы ұсыныс. Сервистік келісімшарт автокөлікке дайындаушы зауыт берген кеңестерге сай бірнеше кезекті регламенттік техникалық қызмет көрсетуден тұрады.

Сервистік келісімшартты алу барысында клиент қандай артықшылықтарға ие болады

Келісімшартпен бекітілген ТҚ бағасы – кезекті регламенттік техникалық қызметтердің Сервистік келісімшартта Сіз бен орталық арасында бекітілген бағасы Сервистік келісімшарт өз күшінде болған уақыттта еш өзгертілмейді және Сізге баға өседі-ау деп уайымдаудың қажеті болмайды.

ТҚ құнынан қосымша жеңілдік – бірнеше кезекті тексеріске жеңілдік алып, автокөлікке көрсетілетін қызметтен ақша үнемдеңіз, Сервистік келісімшарт алған кезде ТҚ бағасы жеке ТҚ-тің әдеттегі құнынан төмен, яғни клиент автокөлікке көрсетілетін қызметтен ақша үнемдеу мүмкіндігіне ие болады.

Автокөліктің қалдық құнының артуы – егер Сіз болашақта автокөлікті сату туралы шешм қабылдасаңыз, Сервистік келісмшарт Сіздің мәмілеңіздің қосымша артықшылығына айналады.

Lexus-тің ресми орталығының жұмыс сапасы – Сіз сапалы қызмет, білікті қызметкерлер мен түпнұсқалық қосалқы бөлшектерге, сонымен қатар, автокөліктің ашық тарихы мен жоғары қалдық құнына қол жеткізесіз.

Сервистік келісімшарттың шарттары қандай:
1. Сервистік келісімшартта ТҚ саны шектелмеген, Қанша ТҚ алу керектігін Сіз шешесіз. 2. Әр ТҚ-тің толықтырылуы: дайындаушы зауыттың ұсыныстарына сай жоспарлы техникалық қызмет бойынша жүргізілетін стандартты жұмыстар 3. Сервистік келісімшарттың әрекет ету мерзімі ТҚ санына байланысты шектеледі. мысалы, егер Сіз төрт ТҚ алған болсаңыз, келісімшарттың мерзімі – қайсысының алдымен іске асатынына байланысты, 4 жылды немесе 40 000 км жүрген жолды құрайды.

Сервистік келісімшартты жаңа автокөлік сатып алу барысында алуға болады.

Егер Сіз автокөлікті Lexus Финанс несиелік бағдарламасы бойынша сатып алатын болсаңыз, Сервистік келісімшарттың бағасын қарыз келісімшартына қосуыңызға болады, сонда Сервистік келісімшарттың бағасы ай сайынғы төлем ішінде білінбейтін болады.

Егер Сіз Lexus автокөлігіне иелік етсеңіз де Сервистік келісімшартты ала аласыз.

Алайда, Сервистік келісімшарт бойынша қызметті тек Lexus-тің өзіңіз Сервистік келісімшартты сатып алған орталығында ғана ала алатыныңыз ойыңызда болсын.

Сервистік келісімшарт автокөліктің VIN кодына тіркеулі және автокөлікті сатқан кезде Сервистік келісімшарт оның жаңа иесіне өтеді.

Lexus-тің сізге жақын ресми орталығын іздеу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз..

Егер Сіз Сервистік келісімшарт туралы көбірек білгіңіз келсе не Сервистік келісімшарттың құнын есептеуді қаласаңыз, Өтінім қалдырыңыз.

Сіз қазір алған мәліметтер тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие және оферта немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды. Анағұрлым толық әрі жан-жақты ақпарат алу үшін Lexus-тің ресми уәкілетті орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.