2018 lexus safety accessories hero

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

LEXUS ҚАУІПСІЗДІГІ

Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін басымдыққа ие. Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі сіз бен сіздің жолаушыларыңыздың, өзге көлік жүргізушілер мен жолаушылардың және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ЖКО-ның алдын алудың жаңа дәуірін ашады. Сіздің жүргізушілік машықтарыңызды толықтырып, күшейте түсетін Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі жолда өзіңізді сенімді ұстау үшін сіздің сезім мүшелеріңізді күшейтеді.

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МӘНІ

Тіпті ең тәжірибелі жүргізушілер үшін де жолда күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Өзіңіз үшін белсенді қауіпсіздікті ашып, біз жол апатының ең көп тараған себептерімен күресу және кез келген жүргізу жағдайында сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін әзірлеген интеллектуалды шешімдермен танысыңыз.

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚОЛДАУ

Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі қабылдаудың нақтылығы мен жүргізудің сенімділігне мән бере отырып, сізді түйсікті де, интеллектуалды да деңгейде қолдап, қорғайды.

LEXUS SAFETY SYSTEM + ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ

Lexus Safety System + — бұл біздің автокөлік қауіпсіздігіне барар жолдағы жаңа кезеңіміз. Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесінің он жылдық инновация мен ЖКО себептерін зерттеу негізінде әзірленген бес инновациялық жүйесі апаттың алдын алудың үш маңызды аймағын қамтиды: бетпе-бет соғылу, қозғалыс жолағынан абайсызда шығып кету және қараңғы уақыттағы жол апаттары.


  

  
    safety system accordion

ЖҮРГІЗУШІ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тәжірибелі жүргізуші көлігін тұраққа қойғанда да, қозғалыс жолағын ауыстырғанда да әрдайым айналасындағы жағдайды ескереді. Lexus-тің әзірлеушілері жүргізу шеберлігін жаңа деңгейге көтеретін түйсікті түрде түсінікті функциялармен сіздің сезім мүшелеріңізді күшейтіп, бұл қағиданы қолдануда бір қадам алға жылжыды.


  

  
     2019 lexus driver assist accordion
  • "Көрінбейтін" аймақтар мониторы

    Шеткі көруіңіздің шектеулерін еңсеріңіз. "Көрінбейтін" аймақтар мониторы жүргізушілерді кейде артқы көрініске арналған айналардан байқалмайтын кедергілер туралы ескертіп, автокөліктің айналасындағы кеңістік туралы толық ақпарат алуға және толық сеніммен маневр жасауға мүмкіндік береді.

    Көбірек біліңіз

  • Тұрақ көмекшісінің жетілдірілген функциялары

    Кез келген кеңістікке сенімді үйлесіңіз. Біздің тұрақ көмекшісінің функциялары шынайы уақытта сізге кез келген кедергі туралы хабарлап, қажет болған жағдайда тежелу тиімділігін жоғарылату арқылы сіздің жүргізуді түйсінуіңізді арттырып, автокөлігіңізді қорғайды.

    Көбірек біліңіз

  • Алысқа түсетін жарықты басқарудың бейімді және екі сатылы бейімді жүйесі (AHS)

    Алысқа түсетін жарықты автоматты басқарудың жетілдірілген бейімді функциясы алдыңғы жақта келе жатқан автокөліктерді анықтап, шам жарығын автоматты түрде үлестіру үшін көліктің үстіңгі бөлігіндегі камераларды пайдаланады. Соның арқасында сіз қарсы бетте не алдыңызда келе жатқан автокөлік жүргізушілерінің көзін шағылыстырмай, алдыңыздағы жолға жарық түсіре аласыз. Алысқа түсетін жарықты басқарудың екі сатылы бейімді жүйесі – алысқа түсетін жарықтың басқарылуын арттыратын тағы бір жетілдіру.

    Көбірек біліңіз