1. Discover Lexus
  2. Lexus service centres
Байланысу

Lexus бүкіл Қазақстан бойынша бес жаңа сервистік орталық ашты

Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында Toyota-ның дилерлік орталықтарына негізделген авторланған сервистік орталықтар ашып, жоғары сапалы ресми сервистің қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Осы уақытқа дейін Lexus иелеріне брендтің әлемдік стандарттарына сай қызмет көрсетумен тек Астана мен Алматыдағы ресми дилерлер ғана айналысып келді. Енді басқа қалалардағы Lexus иелері де жақын орналасқан Тойота орталығына барып, ресми сервистің жоғарғы деңгейін пайдалана алады.

Сервиске келген Lexus автокөліктерінің иелері дилерлік орталықтың аумағына кірген сәтте-ақ ерекше қамқорлықты сезінеді, мұнда тұрақ орындары, уақытты жайлы өткізуге болатын жеке лаундж-аймақ бар. Сонымен қатар, сервис бойынша жеке кеңесшінің кеңес беріп, маңызды мәселелердің барлығын шешу арқылы жоғары деңгейлі қызмет көрсететінін атап өткен жөн.

Автокөліктермен оқыған және компания өкілдігінде сертификатталған жоғары білікті автомеханиктер жұмыс істейді. Олар арнайы құрылғы мен тек түпнұсқалық компоненттер мен аксессуарларды пайдаланады. Сервистен кейін клиент атқарылған іс және орнатылған қосалқы бөлшектер туралы егжей-тегжейлі есеп ала алады.

Бұл ретте Lexus иелерінің кепілдікті және кепілдік мерзімі өткеннен кейінгі қызмет алуға мүмкіндігі бар, бұл олардың автокөлік үшін еш уайымдамауына негіз болады.

Lexus бренді Қазақстанға ресми түрде 2010 жылы келді және содан бері 6500-ден аса қазақстандық Lexus иесі атанды.

Сатылым көрсеткіштері Lexus маркасының Қазақстанда үлкен сенім мен артып келе жатқан сұранысқа ие екендігін білдіреді, сол себепті компания бүкіл ел бойынша авторланған сервистік орталықтар ашуды жалғастырмақ ниетте.

Lexus сервистік орталықтары желісін Қазақстанда ресми іске қосу компанияның қызмет көрсетудің аса жоғары деңгейін ұсынып, Lexus автокөлігін жүргізуден одан да зор ләззат сыйлауына мүмкіндік бере отырып, өз клиентіне жақын болуына мүмкіндік береді.