Lexus және CNN International Commercial (CNNIC) компаниялары цифрлық контент саласында әріптестіктің басталуы туралы келісімге келді. Жаңа әріптестік қатынастар Lexus-тің негізгі құндылықтарының бірі – «Омотенаши» жапон қонақжайлығын және оның аса сәнді дүниелердің жаһандық секторында қолданылуын айқындай түседі.
«MASTERS OF EXPERIENCE»
CNN Style шығарған «Masters of Experience» демеушілік бағдарламалар сериясы Lexus DNA-ге тән ерекшелік болып табылатын әлемнің ең айрықша тәжірибесіне үлес қосатын техникалық айла-тәсілдер, сарапшылық мағлұмат және орындау шеберлігі жайлы баяндайды. Тауарлық белгі ретінде Lexus функционалдық эмоциялыққа, жұмыс сипаттамалары құштарлыққа және технология қиялға айналатын есті алатын әсерлер әлемін жасауға ұмтылады, әрі мұның барлығы "Омотенаши" концепциясының аясында жүзеге аспақ. "Омотенаши" қағидалары Lexus компаниясының өз клиенттеріне қатысты саясатының негізін қалаушы элемент болып табылатын, адамдардың қажеттілігін ол пайда болғанға дейін болжап білуге негізделген. Алты бейнерепортаждан және сегіз мультимедиалық функциядан тұратын топтамада үш Мишлен жұлдызын иеленген шведтік «Fäviken» мейрамханасындағы 32 тағамнан тұратын дегустациялық мәзірге жасалған жан-жақты шолу мен жапониялық жеті жұлдызды пойызға саяхаттан тұрады. Бұл оқиғалар бізге талғампаз клиенттердің жаңа ашылулар мен ой-өрісін кеңейтуге қалай ұмтылатынын көрсетеді.