1. Discover Lexus
  2. Design
Байланысу

ДИЗАЙН

Батыл. Бірегей. Болашаққа ұмтылған. Біздің бірден танылатын дизайн ешкімді бейжай қалдырмайды және мүмкіндік шегін кеңейтеді.

БАТЫЛ ИДЕЯЛАРДАН ЖАРҚЫН ДИЗАЙНҒА ДЕЙІН

Біздің өнімдердің барлығы батыл идеядан басталады. Біз шабыт көздерін іздеуде өзімізді шектемейміз: мұндай амал ойдың бірегейлігі мен жасампаздықты жетілдіреді. Дәл осы процесс біздің автокөліктердің дизайнын сондай бірегей етті.

ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬ

Біздің дизайнға қатысты амал-тәсіліміз L-Finesse концепциясымен анықталады. Бұл нені білдіреді? Біз ең жаңа әзірлемелер мен технологияларды пайдаланамыз және барлық өнімдеріміздің дәлдігін қамтамасыз етуге талпынамыз.

01

Мүлтіксіз көрегендік

Жапондық қонақжайлықтың (омотенаши) қағидаларын басшылыққа ала отырып, біз жүргізушілердің қажеттіліктері мен қалауын қанағаттандырамыз. Біз біздің автокөліктерде сапар шегу тек жағымды эмоция сыйлау үшін оларды қатесіз болжап білеміз.
02

Дәлдік пен қарапайымдылық

Біздің өнімдеріміздің барлығы түйсікті түрде түсінікті және қолдануда жағымды болуы тиіс. Lexus автокөліктерінде артық ештеңе жоқ, сондықтан да ешкім сіздің ойыңызды көлік жүргізуден бөлмейді.
03

Баурап алатын әсемдік

Біздің автокөліктеріміздің барлығы көз тартып, тамсандырады. Одан бөлек, олар назарды ұстап тұруға қауқарлы. Сіз оған қаншалықты ұзақ қарасаңыз, соншалықты көп бөлшектіі байқайсыз. Міне, сондықтан да біздің дизайнерлер "визуалды саяхат" туралы жиі айтады.

ҰРШЫҚ ІСПЕТТІ РАДИАТОР ТОРЫ

Ұршық іспетті радиатор торы Lexus автокөліктеріне тән элемент болып табылады және өзінің әсерлі дизайнының арқасында ерекше көз тартады. Суретінің өзгеріссіз болуына қарамастан, тордың безендірілуі уақыт ағынымен және үлгіге байланысты аздап өзгереді.

 

L ІСПЕТТІ ШАМДАР

Біздің L іспетті шамдарымыз ұршық тәрізді радиатор торымен үйлесіп, әсерлі сыртқы пішін қалыптастырады. Автокөліктің алдыңғы және артқы бөліктерінің элементтері компанияның атауын еске салады. Технология мен дизайн саласындағы жетістіктердің арқасында шамдардың пішіні үнемі өзгеріп отырады.

ӨЗІНДІК ҚЫР

Lexus-тің әр автокөлігі қырынан қарағанда да керемет көрінеді. Ырғақты сызықтар ойластырылған аэродинамикасын көрсетеді, ал шанағындағы бедерлі дөңестердің пішіні компания атауындағы алғашқы әріпті еске салады. Дизайн, орындау шеберлігі, инженерлік өнер мен динамиканы ортақ мақсат біріктіреді.

КЕЛЕШЕКТІ КӨРІНІС

Батыл концептуалды ойлау – Lexus дизайнының негізінде дәл осы жатыр. Қай жобалардың болжап білмейтін энергиясымен бізді болашаққа жетелейді және мүмкін еместі мүмкін етеді.

СПОРТТЫҚ ЯХТА

Өз ісіне берілген жүргізуші-сынаушы Акио Тойода тек автокөліктерді ғана жүргізбейді. Ол – қозғалыс құралдарының барлығына қызығушылық танытатын үздіксіз зерттеуші. Яхталар да оның назарынан тыс қалған жоқ. Акио Тойода ең керемет яхта үлгілерінің қуаты мен бірқалыпты басқарылуына бұрыннан тамсана қарайтын.

Ол шебер әрленген қуатты яхтаның Lexus-тің өмір салтын ерекше әсерге бөлеп, аса сәнділігімен толықтыратынын білді. Біз мұны Lexus-тің спорттық яхтасында іске асырдық.

КОНЦЕПТ-КАРЛАР

Біздің батыл әрі жарқын концептуалды автокөліктеріміз Lexus-тің даму бағытын айқындайды. Болжап білуге болмайтын энергиясымен олар бізді болашаққа бастап, мүмкін еместі мүмкін етеді.

LEXUS DESIGN ОҚИҒАЛАРЫ

Шығармашылық әлемді өзгерте алады. Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі жұмыстары болашақты жаңа әрі қызықты етіп құруға қауқарлы жас дизайнерлер мен әзірлеушілерді қолдай отырып, түрлі идеялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

ТӘЛІМГЕРЛЕР

Lexus компаниясы дизайн саласының әлемдік деңгейдегі сарапшыларын Дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің төрт финалистіне тәлімгер болуға шақырды: көптеген айлар бойы Lexus тәлімгерлері өз дизайнерлік шешімдерінің прототипін әзірлеп жатқан финалистермен баға жетпес идеяларымен, кәсіби ұсыныстарымен және кеңестерімен бөліседі.