1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Provocative Perspectives
Байланысу

СТАНДАРТТЫ ЕМЕС АМАЛ-ТӘСІЛ

Батыл болу үшін өз пікірің болу керек. Дизайн және стиль саласында біз қалай дұрыс деп шешсек, соған сай әрекет етеміз. Біз үшін шығармашылық мінсіздік пен эстетикалық дәлдік басымдылыққа ие.

ӨЗІНДІК МІНЕЗІ БАР ДИЗАЙН

Lexus дизайны әдейі батыл әрі өрескел дизайнда жасалады. Біз үшін ой мен сөздің еркіндігі аса маңызды. Біз үнемі жаңа идеяларды зерттеп, жетілдіреміз. Барлығы батыл, бірегей, стандартты емес концепциялардан басталады да, озық әрі шығармашылық дизайн пішінін иеленеді.

БАТЫЛ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАЙ ОТЫРЫП

Біз үшін батыл дизайн – бұл сенімділік. Өзің туралы жария етуге және елден ерекшеленуге дайындық. Біз өзіміз туралы бәрін білеміз және өз нанымдарымызға ереміз.

Неге? Себебі батыл дизайн естен кетпес әсер қалдырады. Тек стандартты емес амал-тәсіл ғана бізді тартатын және тамсандыратын дүниені жасауға мүмкіндік береді. Парадокстар мен қайшылықтарға ашық болу ілгерілеуге көмектеседі.

ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАС

Көзқарастың алуан түрі, мәдениеттің әртүрлілігі және жаңа аймақтық колорит – бұл Lexus дизайнының негізінде жатқан факторлар. Біз әлемнің бірегей аймақтарында үш жобалау орталығымыздың барын мақтан етеміз. Олардың өзіндік және ортақ жобалары ойдың батылдығын дамытып, үздіксіз тәжірибелерге қолдау көрсетеді. Бұл үстемдік қағидалары белгілі автокөліктерді жасауға мүмкіндік береді.

АЙТИ ПРЕФЕКТУРАСЫ (ЖАПОНИЯ)

RX кроссовері. LC спорттық купесі. LS флагмандық седаны. Осы әсерлі үш үлгіні не біріктіреді? Барлығы да Lexus-тің Айти префектурасындағы жобалау студиясында идеядан шынайы автокөлікке дейінгі жолдан өтті. Оның кеңдігі алдын ала нобайлар мен үш өлшемді визуализацияға және толықтай дайын прототиптерге дейінгі әзірлеудің бүкіл процессін оңтайландырып, жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоғарғы қабатында бірегей көрсету залы орналасқан. Салмағы 200 тоннаны құрайтын жылжымалы төбесінің арқасында, жаңа үлгілерді күндізгі уақыттта, құпиялық режимін сақтай отырып көруге болады. Үшінші қабатта виртуалды шындық театры мен текшесі бар. Ал жертөле қабатында фотостудия орналасқан. Дәл осы жерде аңыздар туылады.

КӨКШІЛ ЖАҒАЛАУ (ФРАНЦИЯ)

Lexus-тің еуропалық жобалау орталығы Жерорта теңізіне жақын маңдағы София-Антиполис технологиялық саябағында орналасқан. Бұл жерден Альпі тауын көруге болады. Ал Ницца мен Каннға автокөлікпен оңай жетуге болады. Бұл инновациялық әзірлемелер үшін мінсіз жер.

ED2 Lexus еуропалық жобалау орталығының штаб-пәтері 6000 м2 аумаққа арнайы тұрғызылған ғимарат болып табылады. Жергілікті дизайнерлер мен модельдеу бойынша мамандар Айти префектурасында орналасқан жобалау студиясының қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас жасайды. Әлемдегі ең үздік концепт-карлардың біразы дәл осы жерде жарық көрген, солардың бірі – 2015 жылғы Женевадағы автосалон үшін дайындалған революциялық LF-SA.

НЬЮПОРТ-БИЧ (КАЛИФОРНИЯ)

Lexus-тің халықаралық жобалау бөлімшесінің калифорниялық өкілдігі CALTY Design Research деген атауға ие болды және бұл кездейсоқтық емес. CALTY президенті Кевин Хантер (Kevin Hunter): "Біз жәй ғана дизайн студиясы емеспіз. Біз зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысамыз және оны мақтан етеміз. Бұл дерек студияның толық атауынан көрінеді", –деді.

Ньюпорт-Бич қаласындағы студия компанияның бүкіл тарихындағы Lexus-тің шығармашылық шекарасын кеңейтеді. Мұнда Lexus-тің ең озық екі үлгісі: LC 500 бен RX әзірленген.

БОЛАШАҚТЫ ЕЛЕСТЕТЕ ОТЫРЫП

Біздің батыл идеяларымыздан тек концептуалды ғана емес, кейін сериялық автокөліктер мен анағұрлым футуристік және авангардтық жобалар пайда болады. Біз шектеусіз сяхаттауға көмектесе отырып, қозғалыс жайлы ұғымдарды өзгертеміз. Біз кез келген жағдай мен қоршаған орта: әуеге, теңізге не тротуарға арналған көлік құралдарын жасауға әзірміз.

КӨРІПКЕЛДІК ИДЕЯЛАР

Қиялдың батылдығы бізді мүлде күтпеген және еліктіретін жерлерге алып келеді. Біз әр қадамымызда жаңа биіктерге жету үшін технологияларды түрлендіре отырып, техникаға қарсы шығамыз. Тоқмейілсу мен демалыссыз.

Соңғы жылдары біз скайджетті, спорттық яхтаны және ховербордты ұсындық. Олар функциясы жағынан мүлде өзгеше, бірақ барлығы Lexus-тің мүлтіксіз батыл ойымен біріктірілген.