1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. LDA mentors
Байланысу

ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ LEXUS ЖҮЛДЕСІНІҢ КУРАТОРЛАРЫ

НЕРИ МЕН ХУ (NERI & HU) Архитекторлар мен көп салалы дизайнерлер

Шанхайлық Neri & Hu Design and Research студиясының негізін қалаушылар Линдон Нери (Lyndon Neri) мен Россана Ху (Rossana Hu) бүкіл әлем бойынша жаңа архитектуралық парадигмаларды жасау үшін дизайнерлік жобалар жасауда. 2014 жылы Нери мен Ху Wallpaper* журналының нұсқасы бойынша "Жыл дизайнері" жүлдесінің лауреаттары атанды. 2013 жылы дизайнерлер АҚШ-тағы Interior Design журналының Даңқ залына қосылды. Нери мен Ху зерттеу – дизайнның негізгі құралы екендігіне нық сенімді, себебі әр жоба өзінің бірегей мәнмәтінін жасайды. Архитектура, интерьер дизайны, бас жоспарлар құру, графикалық дизайн және өнімдер дизайны сияқты бағыттарда жұмыс істей отырып, Нери мен Ху құрылыспен байланысты міндеттердің заманауи кешені дәстүрлі сәулет өнерінің аясынан шығатынын көрсетеді. Дайын долбарларды қолданудың орнына, Нери мен Ху сезімдер, бөлшектер, материалдар, пішіндер мен жарықтың динамикалық қатынасына жүгінеді.

МАКС ЛЭМБ (MAX LAMB) Дизайнер

Макс Лэмбтың жағажайы металл құятын орын сияқты, тас қашайтын жер шеберхана секілді, Чатсуорттың шілікті жерлері арт-объект және материал секілді жұмыстары ауылдық ландшафтың дәстүрлеріне меңзейді. Қала Максты кем еліктірмейді, әрі дизайнердің түрлі ортаға бейімделу және соған сай болу қабілеті оған орын мен уақытқа мінсіз сәйкес келетін нысандарды жасауға мүмкіндік береді. Макс бір материал не бір процесске байланып қалмайды және дизайнды мәселелерді шешетін құрал деп санамайды. Лэмб материалдың табиғи қасиеттері мен сұлулығын көрсете отырып, материалдың ішкі қасиеттерін ашады. Жоғары технологиялы және дәстүрлі әдістерді үйлестіре отырып, ол өз жобаларын оның ауқымы мен күрделілігі талап еткенде, зауыттармен және құю шеберханаларымен әріптестікте жасайды. Бұл ретте ол келесі қағидаларға сүйенеді: материалға қатысты адалдық, шығармашылық үрдістің, адамның мүмкіндігінің және оның шегінің жеңісі.

ЕЛЕНА МАНФЕРДИНИ (ELENA MANFERDINI) Дизайнер және архитектор

Венециядағы (Калифорния) Manferdini ательесінің негізін қалаушы Елена Манфердини Құрама Штаттарда, Еуропа және Азияда дизайн, өнер және архитектура саласындағы жобалармен айналысады. Оның жобаларының ішінде Лос-Анджелестегі Заманауи өнер мұражайының павильоны бар. Оның компаниясы Swarovski және Sephora сынды бүкіл әлемге танымал компаниялармен жұмыс істеді. Еленаның жұмыстары бірнеше мәрте Elle, Vogue және New York Times сынды басылымдарда аталды. Қазіргі уақытта ол Оңтүстік Калифорниядағы Архитектуралық институттың бітіру кафедрасының деканы қызметін атқарады. Дүниежүзі бойынша көрмелер өткізіп, дәріс оқиды (Массачусетс технологиялық институтында, Принстонда, Цинхуа университетінде және Баухауста сөз сөйледі). 2013 жылы Елена Манфердини бірегей өнер туындыларын жасауды қолдауға арналған COLA стипендиясымен марапатталды. 2011 жылы United States Artists (АҚШ) ассоциациясы жыл сайын беретін беделді грантты иеленді. Сол жылы оның италиялық Alessi бренді үшін әзірленген Blossom («Гүлдену») деп аталатын жұмысы Good Design Award жүлдесіне лайық деп танылды.

SNARKITECTURE Суретшілер мен архитекторлар

2008 жылы Даниэль Аршам (Daniel Arsham) мен Алекс Мустонен (Alex Mustonen) өнер мен архитектура тоғысында жұмыс істейтін бірлескен тәжірибелік бюро – Snarkitecture студиясының негізін қалады. Даниэль мен Алекстің архитектура мен өнердің үйлесіміне деген қызығушылығы олар Нью-Йорктегі Cooper Union-да бірге оқып жүрген кезде болған. Олардың алғашқы жобасы Dior Homme үшін жасалды. Студияның атауы – Льюис Кэрроллдың «Снаркты аулау» деп аталатын мағынасыз поэмасына меңзейді. Snarkitecture бюросы статикалық сәулет нысандары мен функционалды заттарды жасап, оларға жаңа әрі шығармашылық қолданыс табады. Осылайша адамдардың қоршаған ортамен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік беретін таңдану мен қатысу сәттері пайда болады. Таныс нәрсені айрықша дүниеге айналдыра отырып, Snarkitecture компаниясы сәулет өнеріне күтпегендік элементін енгізеді.