Lexus International дизайн саласындағы Lexus Design Award 2017 байқауының 12 финалисінің есімдерін атайды. 2013 жылы ұйымдастырылған байқаудың мақсаты бүкіл әлем бойыша жас әрі талантты дизайнерлерді табу және болашақта адамзаттың өмірін жақсарта алатын идеяларды іздеу. Басты тақырыбы Lexus-тің «Yet» (ағылшын тілінен аударғанда «Сонымен қатар») философиясы болып табылатын бесінші Lexus Design Award 2017 байқауына әлемнің 63 елінен 1152 қатысуға өтініш келіп түсті.
Lexus брендінің өз өнімдерін әзірлеудегі инновациялық амал-тәсіліне негізделген «Yet» философиясы бес жылдық ерекше өзекті «Yet» философиясының негізінде бір қарағанда үйлесімсіз көрінетін кеңдік пен аэродинамика сынды дүниелерді біріктіру және синергияға қол жеткізу идеясы жатыр. Қарама-қайшы элементтерді біріктіруде үндестікке қол жеткізе отырып, «Yet» философиясы заманауи дизайн мен технологиялардың шегін кеңейтеді және сол арқылы әлемге жаңа, таңғаларлық және күтпеген мүмкіндіктерді ашады.
2016 жылдың қарашасында бүкіл әлемге танымал дизайнерлер мен дизайн саласындағы кураторлардан тұратын қазылар алқасы байқауға қатысуға жіберілген өтінімдерді қарау үшін жиналды. Жұмыстарды мұқият әрі жан-жақты бағалап, ұзақ талқылағаннан кейін қазылар алқасының мүшелері 12 финалистке таңдау жасады.
Lexus Design Award 2017 байқауының қазылар алқасы идеялары байқау кураторларының тәлімгерлігімен толық көлемді прототип жасау мүмкіндігіне ие болатын төрт авторды таңдады.