CRAFTED FOR LEXUS коллекциясында уақыт сынынан өткен шеберлік пен заманауи дизайн бірегей тауарлар жасай отырып, бірігеді. Үздіксіз дамып жатқан топтама екі бірегей тауармен толықты.
"Біз қолымызбен жасаған бұйымның жастардың дәстүрлі қолөнер мен кәсіптерге қызығуына шабыт бергенін қалаймыз", – дейді Хикимоно ағашына өрнек салудың уақыт сынынан өткен техникасы бойынша жасалатын үйге арналған тауарлар сатумен айналысатын SEE SEE брендінің өкілдері Хиромичи Юмото (Hiromichi Yumoto) мен Такефуми Момосе (Takefumi Momose). Яёй кезеңінде өрлеген Хикимоно өнерінің шеберлері ең алдымен Сидзуока префектурасында жұмыс істейді: мұнда Момосе сынды қолөнер шеберлері мен Юмото сынды дизайнерлер айналмалы дөңгелектер мен жону білдектерінде ағаштан жасалған домалақ ыдыстар мен тостағандар жасайды. "Біздің брендтің бұйымдарының сапасына тек дәстүрлі, аналогтық жұмыс стилі арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бірақ біз жасаған әр туынды әлемдік сән жасаушылардың назарын аудартатын заманауи дизайнға ие.
2013 жылы алғашқы CRAFTED FOR LEXUS коллекциясы шыққан сәттен бастап Lexus компаниясы SEE SEE брендінің Хикимоно техникасы бойынша жасалған туындылары сияқты тарихы бай әрі заманауи қолөнер бұйымдарын әлемге көрсетуді мақсат етеді. Өнімдер топтамасында Lexus компаниясының ең үздік қолөнер және дизайн шеберлеріне деген бұлжымас адалдығын көрсететін брендтің эксклюзивті тауарларын қоса алғанда, жоғары білікті шеберлердің жаңа буыны таныстырылды. Каталогта One Kiln стилінде саздан жасалған қолөнер бұйымдары мен дизайнер Нииме Тамаки (Niime Tamaki) қолдан тіккен шәлі, минималистік Bsize үстел шамдары, Kaneko Optical ұсынған қолдан жасалған күннен қорғайтын көзілдіріктер көрсетілген. Бұл бұйымдарды Токио, Дубай және жақын болашақта Нью-Йорктегі су жаңа кеңістіктегі INTERSECT BY LEXUS экспозициясында алуға болады. Жуырда жапонның қыштан жасалған бұйымдарының үздіксіз кеңейіп жатқан топтамасын SEE SEE брендінің Хикимоно техникасы бойынша әзірленген ұршық іспетті ыдысы толықтырды.