1. Discover Lexus
  2. Takumi masters
Байланысу

ТАКУМИ ШЕБЕРЛЕРІ

Көне жапондық "такуми" түсінігі біз жасайтын дүниенің барлығында маңызды рөлге ие. Біздің такуми мамандары Lexus автокөліктерінің дизайны мен әзірлеуінде қол еңбегін пайдалана отырып, шеберлік философиясын жүзеге асырады.

УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН ШЕБЕРЛІК

Lexus компаниясында жұмыс істейтін Такуми шеберлері өз бойына кәсібилік пен әуестікті үйлестіреді. Олар жоғары біліктілікке ие және өте ұсақ бөлшектерге мән береді. Одан бөлек, біздің шеберлер мінсіздікке сенеді және оған қол жеткізу үшін талмай еңбектенеді. Олардың әрқайсысы өз машығын автокөлік өндірудің белгілі бір кезеңінде қолданады және бұл іс олардың ең басты әуестігі мен шабытына айналады. Lexus Мията (Кюсю аралы) зауытының 7700 қызметкерінің ішінде небәрі 19 Такуми шебері бар. Біздің инженерлер үшін одан асқан құрметті атақ жоқ.

ОЗЫҚ КӘСІБИЛІК

Әр такуми шеберінің өз саласында 25 жылдан кем емес тәжірибесі бар. Ұзақ жылдар бойы беріле атқарған жұмыстан алынған білімнің тереңдігі мен әртүрлілігі жетілген түйсік секілді, расымен таңғалдырады.

Такуми шеберлері өз машықтарын үздіксіз жетілдіріп қана қоймай, оны келесі буынға береді. Жұмыс топтарының жетекшілері ретінде, олар Lexus дәстүрлерін сақтайды және жаңа қызметкерлердің бойындағы жаңашылдық рухын дамытады, өз білімдерімен бөліседі. Бұл кез келген көзқарас тұрғысынан әр Lexus автокөлігінің мінсіздігін қамтамасыз етеді.

ШЕБЕРЛІКТІ ТЕКСЕРУ

ЖАНАСУДЫҢ ӨТКІРЛІГІ

Такуми шеберлері озық технологияларды жетік меңгерген және оларды әзірлеуде маңызды рөлге ие. Бірақ олардың басты дағдылары цифрлық кезеңнің келуінен анағұрлым ерте қалыптасқан.

Такуми шеберлерінің тактильді сезінуінің дәлдігі туралы аңыз тараған. Қол – бұл олардың ең құнды құралы. Шебер сезінуінің арқасында Такуми шеберлері көлемі миллиметрден аспайтын өте ұсақ ақауларды ақ қолғабын шешпей-ақ анықтауға қауқарлы. Бұл аса жоғары сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖЫЛДАМДЫҚ ПЕН ДӘЛДІК

Такуми атанбас бұрын үміткерлер көп сатылы қатаң іріктеуден өтеді. Сынақтардың бірі жапон дәстүрлерімен байланысты және адамның жанасуының өткірлігін бағалауға мүмкіндік береді. Ол оригами, қағазды бүктеу арқылы түрлі пішіндер жасау өнеріне негізделген.

Такуми атағына үміткерлер салыстырмалы түрде қарапайым мысық пішінді оригами жасауы тиіс. Бірақ оны тек бір ғана, басым емес қолмен 90 секундтан кем уақытта жасауы керек.

ҚОЛ ЕҢБЕГІНЕН МАШИНАЛЫЫҚ ЕҢБЕККЕ ДЕЙІН

Такумилердің тәжірибесі құрастыру мен әрлеудің озық стандарттарын қамтамасыз етеді. Біздің адамға бағдарлануымыз және мінсіздікке деген сеніміміз бізді құрметке бөлейді және бүкіл автокөлік өнеркәсібіне үлгі болады. Lexus-тің көптеген роботтандырылған функциялары Такуми дағдыларына сәйкес бағдарламаланған. Бұл машинаның өңдеуі қол еңбегінің сапасынан асып түсетін жағдай емес. Дұрысы, біздің тәжірибелі мамандар қолданыстағы технологияларды жетілдіріп, жақсартады. Мұның нәтижесі нағыз шеберліктің автоматтандырылуы.

КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ ӘРІПТЕСТІГІ

Lexus-ке тән орындау тәсілі, керемет сапа және бөлшектерге мән беруге негізінен дәл такуми шеберлері үлес қосатын болса да, басқа мамандармен әріптестік орнату да біздің мінсіздікке ұмтылысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Біз өз машықтарымен және елестетуімен бізді шабыттандыратын және біздің құндылықтарымызды қолдайтын шығармашылық тұлғаларды іздейміз.

Мұндай қарым-қатынас Lexus автокөліктеріне ерекше сапа беріп, оларды эстетика жағынан көрнекті етуге мүмкіндік береді. Сондай әуес істің тамаша мысалының бірі – аңызға айналған LS үлгісінің аса сәнді ішкі әрлеуі.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қол еңбегінің маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Сонымен бірге инновациялық технологиялар Lexus-ті сапаның жаңа деңгейіне шығарады. Бұл біздің алдымызда көптеген бірегей шешімдерді ашады және дәстүрлі емес материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа Lexus RX-ті әзірлеу барысында біз құралдар шығаратын танымал Yamaha компаниясымен әріптестік қызмет атқардық, бұл салондық жабдықтарды бұрын болмағандай жетістікке жеткізуге көмектесті. Мысалы, әлемдегі ең эксклюзивті музыкалық аспаптарды өндіруде қолданылатын лазерлі бедерлеу технологиясының есебінен бізге асқан дәлдікпен табиғи ағаштан қабыршақ жасау мүмкін болды.