1. Discover Lexus
  2. Flagship finish
Байланысу

ФЛАГМАНДЫҚ ӘРЛЕУ

1989 жылы Lexus компаниясы LS үлгісін таныстырған кезде, біздің аса жоғары сапа мен орындау деңгейіне деген ұмтылысымыз адамдардың аса сәнді автокөліктерге қатысты болжамдарын толықтай өзгертті.

ФЛАГМАННЫҢ ҚАЙТА ЖАСАЛУЫ

LS-тің алғашқы буыны Lexus-тің басталуына негіз болғаны сияқты, 2018 модельдік жылдағы LS бренд дамуына анағұрлым қарқынды бағыт берді. LS-тің әр буыны аса жоғары сәнділікке, орындау шеберлігіне, қырқын мен қауіпсіздікке өзінше ұмтылады.

Ал олардың ең жаңасы әлдеқайда жоғары айқын дизайнды керемет жүріс сипаттамаларымен қатар ұсынады.

ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ

ДӘСТҮР МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТАНДЕМІ

Жарықтандыру мен бөлшектерге мән беру LS седанының бірегей эстетикасын көрсетеді. Ішкі әрлеу элементтерін жасаудағы жаңа амал тағы да жапон мәдениетімен үндесіп, жапон эстетикасы мен өндірістің заманауи технологияларын біріктіреді.

Бұл жапон шамдарынан шабыт алып жасалған салон жарықтандырылуынан және есік панелінің жанынан шығарылатын шынтақ тірегіштер сынды бөлшектерден көрінеді.

АҒАШТАҒЫ ӨРНЕКТЕР

Lexus LS-тің бесінші буынынан шимамоку ағаш өрнектерінен рухтанған жаңа бөлшектерді көруге болады, олар табиғи ағаштың, таңдаулы жапондық қабыршақтың көркем үйлесімі мен лазерлі кесу технологиясының қолданылуы арқылы жасалады.

Бұл өрнек оны жарқын ететін ашық және күңгірт реңктердің айқын қарама-қайшылығынан тұрады.

КИРИКО ӘЙНЕГІ

Кирико - бұл әйнекті қырлау технологиясын пайдалану арқылы әйнек өрнегін жасаудың дәстүрлі жапондық өнері

Жаңа Lexus LS-тің есік панелінің дизайнында сынғыш әйнекті мықты етуге мүмкіндік беретін заманауи берік материалдардан жасалған және дәстүрлі жапон мотивін пайдаланатын бірегей әрлеу элементтері бар.

ҚОЛМЕН ЖАСАЛҒАН ГОФРЛЕНГЕН МАТА

ОРИГАМИ ӨНЕРІ

Қолмен "гофрленген" есік қаптауының шабыт көзі болған жапонның оригами өнері болды.

Үш өлшемді сурет өз бүктемелерінде Lexus – фирмалық «L» белгісін жасайды, оның үстіне сызықтардың үйлесімі күндізгі жарық пен түнгі салон жарығында әртүрлі әсер береді.

КҮН ҚАЙТЫСЫМЕН МАТА ӨЗ КЕЛБЕТІН ӨЗГЕРТЕДІ. КҮНДІЗ ТАБИҒИ ЖАРЫҚ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ӨРНЕКПЕН ЖҰМСАҚ ОЙНАЙДЫ. КЕШКЕ LS САЛОНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МАТА ҚАТПАРЛАРЫНА ЖАРЫҚ ТҮСІРЕДІ.

ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Сән-салтанаттың жаңа стандартын қалыптастыру жәй ғана анағұрлым заманауи функцияларды қосумен шектелмейді. Мұнда кешенді амал-тәсіл негізгі рөл ойнайды. Жаңа LS-ті әзірлеуге шабыт берген омотенаши – қонақжайлық философиясы.

Сапар шегуден алған жалпы әсерге назар аудара отырып, біз жолаушылар үшін жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін, сонымен қатар жүргізушінің қажеттілігіне лезде әрі түйсікті түрде жауап беретін салон жасадық.

ӘР БӨЛШЕКТЕГІ СӘН-САЛТАНАТ

Артқы орындықтардағы жылыту, салқындату және массаж опциялары өте жағымды атмосфера құрады. Жолаушылар үшін нүктелі массаж ("Шиацу") қолжетімді. Әлемде алғаш рет нүктелі жылыту жүйесі ұсынылды. Екі жеке аймақтық жылытқыштар орындықтың иық және бел аймағында орналасқан және бүкіл денені емес, тек белгілі бір бөлікті ғана жылытады.

Жылжымалы аяқ қойғыш аяқ бөлігі үшін LS-тің алдыңғы буындарының ешбірінде болмаған үлкен кеңістік береді. Одан бөлек, артқы орындықтағы жолаушының автокөліктен жайлы шығуын қамтамасыз ету үшін алдыңғы жолаушының артындағы орындықты 48 градусқа дейін еңкейтіп, 24 градусқа дейін көтеруге болады.