lexus ls concept tokyo motor show hero

КОНЦЕПТ-КАРЫ

LEXUS LS+ ФЛАГМАНДЫҚ КОНЦЕПТІСІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Токиода өткен 45-автосалон*1 аясында автоматты түрде басқарылудың кең мүмкіндігіне ие LS + концепт-кары көпке таныстырылды.
Жол-көлік оқиғаларынан ада әлем құруға өз үлесін қосуға талпынған Lexus қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету – Integrated Safety Management Concept *2 концепциясына негізделген ең заманауи технологияларды әзірлеп, қолданады. Кез келген адам қауіпсіз әрі бірқалыпты қозғалыстан ғана емес, автокөлікті жүргізуден ләззат алу үшін Lexus автоматтандырылған басқару технологияларын әзірлеумен айналысуда. Брендтің жоспарында 2020 жылдың алғашқы жартысында «Urban Teammate» деп аталатын автоматтандырылған басқару технологиясын жалпыға ортақ жолдарда қолдануды бастау бар.

LS+ КОНЦЕПТ-КАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ең озық, жоғары технологиялы шешімдермен жабдықталған LS+ концепт-кары флагмандық LS седанының болашақ бейнесін құрады: оның дизайны футуристік әрі айбарлы. Концепт-карда көрсетілген автоматтандырылған басқару технологияларын іс жүзінде қолдануды 2020 жылы бастау жоспарланып отыр.

LS+ КОНЦЕПТ-КАРЫ

LS седанының болашақта қандай кейіпте болатыны туралы түсінік беретін концептуалдық үлгі бола отырып, LS+ флагманға сай айбарлы әсер беріп, Lexus-тің L-finesse *3 философиясына негізделген жаңа буын дизайнының бағытын белгілейді. Анағұрлым тиімді салқындауды да, ең мықты аэродинамикалық сипаттамаларды да қамтамасыз ететін беті үлкен ауа тартқышы бар ұршық іспетті фирмалық радиатор торының батыл дамуынан бөлек, Lexus-тің болашаққа деген батыл көзқарасы LS+ концептісінде өзін шамдар мен артқы шамдар блогында лазерлі жарық технологиясын ішінара пайдалануда, сонымен қатар артқы көрініске арналған электронды бүйірлік айналарды қолдануда көрсетеді.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУДЫҢ ЕҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Lexus көлік құралын автоматтандырылған басқару технологияларын енгізудің арқасында, адамдар қауіпсіз, жайлы және жаппай тасымалдау мүмкіндігіне ие болатын орта құру үшін өз үлесін қосуға талпынады. Атап айтқанда, бренд LS+ концепт-карында ұсынылған және енгізу 2020 жылға жоспарланып отырған автоматтандырылған басқару жүйесімен арнайы белгіленген жолдарға кіруден «Highway Teammate» пилотсыз басқару технологиясының көмегімен олардан шығуды мүмкін етпек ниетте. Тек механикалық көлік құралдарының жүруіне арналған магистральдарда, транспорттық жағдайлармен борттық жүйелер сәйкестікте жұмыс істейтін тану, бағалау және басқару алгоритмдерінің арқасында, бұл технологиялар көліктер легіне автоматты түрде қосылуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар автокөліктің қозғалысын өз жолағында ұстап тұруға және көлік құралдарының арасындағы қашықтықты қадағалауға қауқарлы.
LS+ концептісі борттық құрылғының бағдарламалық жасақтамасының жаңартылуын қамтамасыз ету және жаңа функцияларды жүктеу үшін деректерді өңдеу орталығымен байланыс орнатуға қауқарлы. Осындай байланыстың арқасында, "үлкен деректермен" байланыста оқуға қабілетті жасанды интеллект жолдағы және соған жақын маңдағы жағдай туралы ақпаратты алып, пайдаланады. Бұл жасанды интеллект автокөлікті басқару процессін автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Өз пайдаланушысымен бірге дамуға қабілетті автокөлік адамдар эмоциялық байланыс орната алатын автокөліктер жайлы түсініктің жаңа кезеңін көрсетеді.
*1 -2017 жылы Токиолық автосалон осымен 45-рет өткізілуде. Көрме Tokyo Big Sight халықаралық көрме орталығында 25 қазаннан 5 қарашаға дейінгі аралықта өтеді. Баспасөз күндері – 25 және 26 қазан, сарапшылар салонға шақырумен 26 қазанда бара алады, ресми ашылуы мен таныстырылымдар 27 қазанға белгіленген. 28 қазаннан 5 қарашаға дейін көрме көпшілік үшін ашық болады.

*2 - Кез келген жол жағдайында жүргізушіге көмек көрсетудің анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін автокөлік қауіпсіздігінің жекелеген технологиялары мен жүйелерін біріктіру.

*3 -Lexus дизайнының өзіндік философиясы. Ол «leading-edge» (алдыңғы қатарлы, озық ) және «finesse» (шеберлік, ептілік) идеяларының үйлесіміне негізделген. Бұл философияның мақсаты «YET» («және сонымен бірге…») деген атауға ие болған амал-тәсілдің арқасында, бір қарағанда қарама-қайшы келетіндей көрінетін құраушылардың үндестігіне қол жеткізу арқылы құндылықтардың жаңа деңгейін құру