1. Discover Lexus
  2. Concept cars
  3. LF-FC
Байланысу

LF-FC СУТЕКТІ ОТЫН ҰЯШЫҚТАРЫ БАР СЕДАН

 

THE LF-FC ISN’T SIMPLY A DESIGN EXERCISE, IT’S DESIGNED TO REFRAME YOUR EXPECTATIONS.

Келешекке көзқарас: отындық ұяшықтарға ие әлемдегі ең алғашқы концептуалды көлік. LF-FC толық жетектің озық жүйесіне ие көз тартатын әрі байсалды да әсем 4 есікті купе болып табылады. Үлгі тек жаңа дизайнды көрсетпейді: ол сіздің күткеніңізден де асып түседі.

"LF-FC ҮЛГІСІ БІЗДІҢ СӘН-САЛТАНАТ ПЕН ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АНАҒҰРЛЫМ КЕҢ ТАРАЙТЫН АСА ҚАШЫҚ ЕМЕС БОЛАШАҚТЫ ҚАЛАЙ ЕЛЕСТЕТІНІМІЗДІ КӨРСЕТЕДІ"

Токуо Фукуити (Tokuo Fukuichi), Lexus International президенті

01

ТАҢҒАЛДЫРАТЫН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ

Әсерлі артқы шамдарының үш қырлы жаңа пішіні LF-FC үлгісіне тән қалықтау эстетикасын көрсетеді. Осы бірегей концепт-карға бүйірінен қарап, сіз оның сызықтарының батыл геометриясын аңғарасыз. Тек осы қырынан LF-FC-дің шынайы мінезі ашылады.
02

ПРОГРЕССИВТІ ДИЗАЙН

LF-FC тек тік жолдармен жүру үшін ғана жобаланбаған. Бірқалыпты төбесінің арқасында бұл үлгі анағұрлым күрделі әрі бұралаң жолдарда жүргізу ләззатын сыйлайды. Көміртекті талшықпен күшейтілген пластик тоғыны бар 21 дюймдік алюминий дискілер LF-FC-дің динамикалық кескініне айрықша стиль береді.
03

LF-FC-ГЕ ҚАРСЫ ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ

Өзіңіз үшін түйсікті түрде түсінікті технологиялар мен сән-салтанаттың футуристік әлемін ашыңыз. Автокөлікке отыру барысында сізді ортаңғы консольдің үстіндегі жалықтырмайтын голографиялық проекция қарсы алады. Жанасусыз технология қарапайым ым-ишараның көмегімен автономды басқару функцияларын, ақпараттық ойын-сауық жүйесін және климат-бақылауды баптауға мүмкіндік береді.

АБСОЛЮТТІ СӘН-САЛТАНАТ

Салон екіге бөлінген, жоғарғы бөлігі жүргізушінің өзін еркін сезініп, жолға мұқият болуын қамтамасыз ету үшін кеңдік сезімін береді. Анилинді былғарымен қапталған алдыңғы орындықтар есік пен аспаптар панеліне байқатпай өтуінің арқасында, ауада қалқып тұрғандай әсер қалдырады.

ОТЫНДЫҚ ҰЯШЫҚТАРЫ БАР КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМ

Бұл толық жетекті концепт-кар айналу сәтінің алдыңғы және артқы дөңгелектер арасына дәл үлестірілуін қадағалаумен қамтамасыз етеді. LF-FC үлгісінің оңтайлы салмақ үлестіруі автокөліктің артқы бөлігіндегі отын элементтерінің, алдыңғы бөлігіндегі басқару блогының, солардың арасындағы сутекті жанғышы бар баллонның орналасу есебінен мүмкін болды.