2017 lexus lc 500 hero

LC

ӨЗІН КӨРСЕТЕДІ.
СІЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕЙДІ

Ерекше әсер беретін жаңа батыл әрі сәнді LC купесі жаңа дәуір үшін жаралған.

СУ ЖАҢА LC

LC 500 үлгісі 477 ат күшін (351 кВт) артқы дөңгелектерге беретін 5.0 литрлік атмосфералық қозғалтқыш арқылы іске қосылады. Бұл күштік құрылым 24 сағатқа жалғасқан Нюрбургринг тас жолындағы сайыс пен Пайкс-Пик тауына шығу бойынша өткен жарыс барысында алынған атқарымдық жұмыстардың негізінде жасалған. Қолмен жиналған бұл V8 қозғалтқышы әсерлі екпін мен керемет дыбыс беретін әлемдегі алғашқы 10 сатылы автоматты беріліс қорабымен агрегатталады.


  

  
    2017 lexus lc key features
  • Жазбай тануға болатын кескін

    Lexus LC-дің әсерлі сырт келбеті Lexus L-finesse.бірегей дизайнерлік философиясының бірегей интерпретациясын бейнелейді. Купенің шымыр кескінін көлік төбесінің шанақтың артқы бөлігін сәл-сәл жинақтап, бірегей сұлба жасайтын екпінді сызықтары ерекшелей түседі.

  • Қолмен жасалған V8

    LC 500-дің жүрегі —сыннан өткен 5,0-литрлік V8. Оны RC F және GS F спорттық үлгілеріне орнатады. Күштік агрегат 477 ат күші мен 540 Нм айналу сәтін береді. Акселератор педалін басқан кезде бірқалыпты жауабымен ерекшеленетін бұл атмосфералық қозғалтқыш қосарлы ауа тартқышпен жабдықталған. Басқа артықшылықтарының ішінде жақсартылған басқарылуы бар.

  • Жүргізушіге деген қамқорлықпен жасалған

    Lexus LC жүргізуші үшін үлкен мұқияттылықпен құрастырылған. LFA-дегі көптеген жарыстар барысында дизайнерлер интерьер дизайнының көлікті жүргізуден алған әсерді қалай толықтыруға қабілетті екендігін терең түсіне алды және олар аспаптар мен басқару органдарының орналасуын барынша оңтайландырды.

  • Инновациялық материалдар

    Автокөліктің құрылымында LFA үлгілері үшін әзірленген көміртекті пластиктен жасалған композитті материалдар қолданылды, мысалы, LC есіктерінің ішкі панельдерін әзірлеу үшін қайта импрегнирленген көміртекті талшықтарды қысыммен қалыптау технологиясы қолданылады.

LEXUS LC-ДІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ОПЦИЯЛАРЫ

Жаңа LC-дің сипаттамалары мен опциялары туралы көбірек біліңіз.


  

  
    2017 lexus lc optioons specs
  • Сипаттамалары

    Екпін алу уақыты (0-ден 100 км/сағ-қа дейін) – 4.7 сек
    Цилиндр саны және орналасуы – 8, V іспетті
    Жұмыс көлемі – 4969 см3
    Ең жоғарғы қуаттылығы – 477 а.к. (351 кВт) 7100 айн / мин-та
    Ең жоғарғы жылдамдығы – 270 км/сағ
    Жетек типі – артқы
    Трансмиссия — 10-АТ

  • Қауіпсіздік

    Көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі (BSM)
    Автокөліктің арт жағында көлденең бағытта қозғалып келе жатқан нысандар туралы ескерту жүйесі (RCTA)
    Қозғалыс жолағын ауыстыру барысында көмек беру жүйесі (LCA)
    Өрде қозғалу барысында көмек беру жүйесі (HAC)
    Автокөлік динамикасын біріктірілген басқару жүйесі (VDIM)
    Рөлді бұратын артқы дөңгелектер
    Шұғыл шақырту жүйесі
    Жаяу жүргіншімен соқтығысқанда энергияны сіңіретін белсенді қақпақ

  • Экстерьер

    Алдыңғысы 245/40, артқысы 275/35 әртүрлі өлшемдегі шиналары бар 21" соғылған дискілер (қосалқы дөңгелексіз)
    Алдыңғы жарықдиодты 3 LED шамдар
    Шам жуғыштар
    Жылжымалы артқы спойлер
    Карбонды көлік төбесі
    Smart Entry автокөлікті ашу және қозғалтқышты Push Start батырмасы арқылы іске қосу жүйесі
    Алдыңғы және артқы тұрақ қадағалары
    Шамдардың көлбеулену бұрышын түзеткіш
    Алдыңғы әйнекті электрлі жылытқыш

  • Мультимедиа

    13 динамигі бар премиумдық класстағы Mark Levinson аудиожүйесі, AM/FM, RDS, DAB, USB 2 +AUX 1, Bluetooth, DVD ойнатқыш
    Touch-Pad сенсорлы панелі
    Аспаптар панеліндегі 8” көп ақпараттық дисплей
    Түрлі түсті проекциялық дисплей (HUD)
    Ортаңғы консольдегі навигациялық жүйесі бар 10.25 дюймдік сенсорлы дисплей (EMV)
    Динамикалық белгісі бар артқы көрініске арналған камера

  • Интерьер

    Электрлі хромды жабыны бар артқы көрініске арналған салондағы камера
    Алюминий педальдер
    Рөл колонкасын электрлі реттеу
    Lexus карбонды табалдырық қаптамалары
    Alcantara алдыңғы спорттық орындықтары
    Есіктердің Tahara былғарысымен ішкі әрлеуі
    Аспаптар панелінің былғары әрлеуі
    Аспаптар панеліндегі аналогтық сағат

  • Жайлылық

    Алдыңғы орындықтардың бел тірегішін электрлі реттеу
    Жүргізуші орындығына арналған баптаулар жады бар алдыңғы орындықтарды электрлі реттеу
    Жүргізушінің жайлы отыру/түсу жүйесі
    Алдыңғы орындықтарды жылытқыш
    Алдыңғы орындықтарды желдеткіш
    Жылытқышы бар көп функциялы былғары рөл дөңгелегі
    2 аймақтық климат-бақылау
    Nano-e ауа иондағышы
    Круиз-бақылау

ӨЗІҢІЗ ҮШІН LC-ДІ АШЫҢЫЗ

Сән-салтанатты LC 500 купесінің шығарылуымен Lexus тарихында автокөліктерді әзірлеудегі жаңашыл тәсілге негізделген жаңа дәуір басталады. Мысалы, шығармашылық шешімдер мен түбегейлі жаңа концепцияларсыз LC үлгісін өндіріске дайындау мүмкін болмас еді. Дизайнерлерге толықтай еркін әрекет жасауға мүмкіндік берілсе де, оларға купеге тән көлік төбесінің төменгі сызығын қалай жасау және төрт адамның еркін отыруына қалай жағдай жасауға болады деген сияқты күрделі тапсырмаларды орындауға тура келді. Біздің саздан үлгілер дайындайтын дизайнерлер мен сарапшылар мінсіздікке қол жеткізу үшін тек бір ғана сызықты айлап жасады. Ештеңе де Lexus мамандарының назарынан тыс қалған жоқ.

ӨЗІҢІЗ ҮШІН LC-ДІ АШЫҢЫЗ

Шынайы автокөліктің экстерьері мен интерьері суретке сәйкес келмеуі мүмкін.

МОДЕЛЬДІК ҚАТАР