ЖАҢА ES

ЖАҢА БАТЫЛ КЕСКІН

Жаңа ES-тің өте сәнді бейнесінің, дизайнындағы елеулі өзгерістердің және инновациялық технологиялардың арқасында, керемет әсерге бөленіп, көлік жүргізуден ләззат алыңыз.

Lexus-тің қауіпсіздік жүйесі туралы көбірек біліңіз

LEXUS SAFETY SYSTEM
  • 
  

  
    2019 lexus es exterior

    ЖАҢА LEXUS ES

    ЭКСТЕРЬЕР

    Толықтай жаңа жаһандық архитектура – K (GA-K) платформасы негізінде құрастырылған жаңа ES Lexus-тің "люкс" классындағы орташа көлемді көліктер дизайнының шектеулерін еңсеруіне мүмкіндік береді. Дизайн көлікке қарқынды, бірақ көрікті кейіп беретін бірден танылатын төменге бағытталған айқын кескінмен мақтана алады. Артқы бөлік әсерлі әрі мәнерлі мүсінімен ерекшеленеді, артқы шамдар сіз қай қырынан қарасаңыз да үздіксіз стильді сызықтар түзіп, артқы қанаттарды көмкеріп тұр. Палитрасы ішінде жаңа сарғыш және сұр түс реңктері бар 12 түстен тұрады.

  • 
  

  
    2019 lexus es interior

    ЖАҢА LEXUS ES

    ИНТЕРЬЕР

    Автокөліктің пішінімен және атмосферасымен жұмыс жасау барысында ES-тің бас дизайнері Ясуо Кадзино мен оның командасы үшін болашақ Lexus интерьерінің жүргізушіге бағытталған кокпиті алдыңғы жолаушыға арналған кең әрі ыңғайлы кеңістікпен үйлесетін концепциясы бастапқы нүкте болды. Бұл опционалды навигациялық жүйе мен қосылатын қызметтердің толық спектріне ие біртұтас кеңістік болады. Навигациялық жүйе 12.3 дюймдік мультимедиалық дисплеймен және екінші буындағы Remote Touch бақылағышымен жабдықталған.

  • 
  

  
    2019 lexus es performance

    ЖАҢА LEXUS ES

    ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Бас инженер Ясухиро Сакакибара ES-тің алдыңғы үлгілердің барлығымен салыстырғанда динамикалық сипаттамалардың түбегейлі жаңа деңгейіне жету мақсатында әзірленгендігін атап өтті. Шассиді әзірлеген команда жүргізушінің әр әрекетіне жылдам жауап беру қасиетіне ие жайлы болжамдық сезімін жасау тәсілдерін іздеді. Lexus-тің бас жүргізуші-сынаушысы Йошиаки Ито былай деп түсіндірді: "Біз әр жүргізушінің ES рөлінде отырғанда автокөлікті толық бақылауда ұстап отырғандығын сезінгенін қалаймыз. Бұл жайлылықтың жәй ғана бірқалыпты жүргізуден асып түсетін жаңа деңгейі".

ТҮСТІК ШЕШІМІНЕ БАҒА БЕРІҢІЗ

Экстерьер түстерін байқап көру арқылы өз ЕS үлгіңізді жасаңыз немесе көліктің негізгі ерекшеліктері мен галереяны қарауды жалғастырыңыз.

Оңға бұру

ES 350 Luxury / Қара

ES-ТІ СЕЗІНІҢІЗ

ES-ТІ СЕЗІНІҢІЗ

Шынайы автокөліктің экстерьерінің элементтері суретке сәйкес келмеуі мүмкін.

МОДЕЛЬДІК ҚАТАР